Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында өткен қайырымдылық кешінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев аукционға өзі киген тақиясын қойды, деп хабарлайды «Dauletten» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі.
«Бұл Парламент көрген тақия. Көп ата-аналар балама жұғысты болсын деп ырымдап жатады… Арнайы бір жерден алынған тақия емес. Парламентте киіп жүрген тақия. Бұл қаражатқа су тасқынынан зардап шеккен Батыс өңірі тұрғындарына көмек көрсетіледі», – деді ол.
Бастапқы бағасы 30 000 теңгеден басталған тақия үшін біраз талас болды. Аталмыш лотты белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова 600 000 теңгеге сатып алды. Өз кезегінде Мөлдір Әуелбекова тақияны әкесіне сыйлайтынын жеткізді.
Айта кету керек, «Dauletten қоры» тарапынан ұйымдастырылған бұл кеште жиыны 7 000 000 теңге жиналды. Аукционнан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ. Елімізде болып жатқан су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетіледі.
Ақпарат syrboyi.kz сайтынан алынды.