Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Солтүстік Арал теңізінің тартылу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Деректерге сүйенсек, соңғы 12 жыл ішінде теңіз көлемі 8,5 млрд текше метрге азайған. Яғни, үштен бірінен айрылды (27 млрд. – 18 млрд.м3). Суы қашқан теңіздің орнынан көтерілген тұздар бүкіл Орталық Азия елдеріне зиянын тигізетін экологиялық апатқа айналды.
«AMANAT» партиясы Аралды алаңдататын барлық мәселелер бойынша толық шешімін табу үшін келесі іс-шаралар іске асырылу қажет деп санайды:
«Өзбекістан, Қырғыстан, Тәжікістан мемлекеттерімен вегетациялық кезеңде теңізге бөлек су лимитін белгілеу жөнінде және Фархад су торабынан төменге санитарлық су жіберу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастықты ұзақ жылдарға жоспарлауға қол жеткізу.
Мемлекетаралық келісімді «кепілдендірілген келісім» статусын беруге ат салысу. Себебі, Арал теңізіне бөлінген лимиттің сақталуын және орындалуын бақылап отырған ешқандай орган жоқ деуге де болады.
«Қараөзек» арнасының бойындағы көлдер жүйесінде 1 млрд текше метрге жуық қысқы-көктемгі тасқын суды жинақтау мүмкіндігі бар. Ол үшін Қараөзек арнасының бойындағы 3 су тоспаны қалпына келтіру маңызды.
«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасына Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз гранты есебінен (1,5 млн.АҚШ доллары) Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың нұсқалары бойынша тиімді шешімдерді жасап, жобаны жалғастыру бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдаған жөн», деді фракция депутаттары.
фото: pinterest.com