Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Парламент мәжілісінің жалпы отырысында балалар мен жасөспірімдердің мамандық таңдауға даярлау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың айтуынша бүгінгі таңда республикада ел мектептерінде кәсіптік бағдар беруді жүйелі жүргізуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жоқ.
«Жоғары білім алған жас мамандардың 40 пайыздан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл ел экономикасына кері әсерін тигізеді, мемлекет бір студенттің білім алуына қыруар қаржы жұмсайды, ақша игеріледі, бірақ соңында түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемей, басқа салаға кетіп қалды. Бүл дегеніміз қандай да бір салада маман тапшылығы мәселесінің ушығуына әкеледі», - деді депутат Динара Наумова.
фото: kaznpu.kz