Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжілісте студенттік жатақхана мәселесін көтерді
Жаңалықтар

Мәжілісте студенттік жатақхана мәселесін көтерді

27.06.2023
2 мин
0
425
фото: yassy-tur.kz

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев еліміздегі студенттер жатақханада емес, пәтер жалдап тұруға мәжбүр екенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Елімізде 1 миллионнан астам студент білім алады. Бүгінде студенттерге жатақхана жетіспеушілігі 70 мыңнан астам орынды құрап отыр. Яғни 70 мың студент пәтер жағалап, оқуды емес, керісінше пәтерақының қамымен жүргені анық», - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, жыл бел ортасына жетсе де, 6 айда 11 мың орыннан астам салынуы тиіс жатақханалардың тек 900 орындық екеуі ғана, яғни 8 проценті ғана іске қосылды.

«Біріншіден, Жатақхана мәселесі ушығып тұрған аймақтардың әкімдіктері мен орталық мемлекеттік органдар тарапынан тезарада бірлескен нақты іс-қимыл жоспарын бекітуді ұсынамыз.

Екіншіден, инвесторлармен жүйелі жұмысты ұйымдастырып, алдағы жаз айларында құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейту керек. Ол үшін жергілікті әкімдіктердің де мүмкіндектерін заң аясында пайдалануды қарастыру.

Үшіншіден, студенттік жатақхананы әлеуметтік маңызы бар нысан ретінде қарастырып, жатақхана салу мәселесінде арнайы мемлекет пен жекеменшік әріптестік деңгейіндегі жаңа бағдарламаны іске қосу қажеттігінің уақыт келгенін жеткіземіз», - деп ұсынды депутат.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл