Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжілістегі депутаттық орынның жалпы саны қысқарады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Парламенттің төменгі палатасы біреулерге жасанды преференция бермей, елдің бүкіл электоралды ландшафтын көрсетуі тиіс. Осылайша, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын қысқартамыз. Меніңше, бұл саяси да, заңды да тұрғыдан дұрыс. Бұл квота Сенатқа беріледі және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқарады. Соған орай, Мәжілістегі депутаттық орынның жалпы саны қысқарады», - деді Қазақстан Президенті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Сенат депутаттарының 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылатындығын айтқан еді.