Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжілістің жалпы отырысында зағип жандар мәселесі айтылды
Жаңалықтар

Мәжілістің жалпы отырысында зағип жандар мәселесі айтылды

26.04.2023
1 мин
0
372

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан халық партиясы» Фракциясының Кенжеғұл Сейтжан бастаған депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа зағип жандарға қатысты мәселені көтеріп, сауал жолдады.

«Кітапхана 50 жылдан артық жұмыс жасап келеді. Бірақ, әлі күнге дейін жеке ғимараты жоқ. Кітапхана Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 214 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінен (әрі қарай – «Қос» ҚБ) 2008 жылдан бері 2083 шаршы метр аумақты жыл сайын жасалған мемлекеттік сатып алу негізінде жалға алады. Кітапхана қызметі Зағип және нашар көретін азаматтар үшін, сондай-ақ басқа санаттағы мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың көпшілікке қол жетімділігін қамтамасыз етеді», – деді.

Аталған мәселе бойынша бірқатар өңірде кемшілік бар екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, Республикамызда аталған мәселе бойынша Жетісу, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында облыстық және Семей, Шымкент қалалық арнайы кітапханаларының өз ғимараттары жоқ және жалға алып тұрады. Ұлытау, Алматы, Түркістан облыстарында арнайы кітапханалар мүлдем жоқ», – деп түйіндеді.

Фото: ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл