Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Медициналық туризм: Қазақстандық шипажайлар қандай бағдарламалар ұсына алады
Жаңалықтар

Медициналық туризм: Қазақстандық шипажайлар қандай бағдарламалар ұсына алады

26.09.2024
мин
1
626
ПІБ Баспасөз өызметі

Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңесте Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндігі бар екенін атап өтіп, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне назар аударуды тапсырды.
Осы тұрғыда Президент іс Басқармасы Медициналық орталығының бастамасымен медициналық туризм бағдарламасы іске қосылды. Оған әсіресе, шипажайда емделу әрі сауықтыру шаралары жатады. 
Мәселен, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніне біріктірілген шипайжайларда биылғы жеті айда 15 мыңнан астам адам сауығып қайтты. Ең танымал қызмет түрлері емдік жаттығулар, ванналар, балшықпен емдеу және аппараттық физиотерапия болды.

Шетелдік туристердің қазақстандық санаторийлерге деген қызығушылығы жайында «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ шипажайлар өкілдігінің басшысы Мәдина Бүркітбаева айтып берді.
Оның айтуынша, статистикалық мәліметтерге қарағанда бүгінгі күні елімізде жұмыс істейтін және SPA және Welness шипажайлық-курорттық бағытында орналасқан 173 сауықтыру мекемесінің ішінде мемлекеттік және көп желілік мәртебесіне тек бір ғана бренд – ол «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені ғана ие.
 

«Оқжетпес» шипажайына жеті айдың ішінде жеті мыңнан астам демалушы келді. 2023 жылы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ желісімен 28,3 мың адамға қызмет көрсетілді. Біздің қонақтардың арасында шетелден келген 1229 қонақ болды, бұл бізге 2022 жылы келген шетелдік туристерден бес есе көп. Қазақстанның басқа өңірлерінен шипажайға келушілер саны 11,6 мың адамды құрады. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында шипажайларда 12,6 мың адам сауығып қайтты, оның ішінде 701 шетелдік турист», – деп жалғастырды Мәдина Бүркітбаева.

Айтуынша, шипажайларға шетелден келетіндердің арасында 60 пайыздан астамы Ресей азаматтары, 15 пайыздан астамы Германия азаматтары, 12 пайызы Еуропаның басқа елдерінің азаматтары. Сонымен бірге, Өзбекстан тұрғындарының үлесі 7 пайыз, АҚШ пен Қытай тұрғындары 2 пайыз, БАӘ 1 пайыз, басқа елдерге 5 пайыздан тиесілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айзада Каракулова 26.09.2024
Курметти Даулет балам, пален Адам Окжетпес шипажайына келип демалды деп мактанасындар, жанында турган Астананын пенсионерлери бара алмайды, бизге тек Катарколге, ондада 60% толейсин, неге, Зейнеткер адам емес па, осыны карасаныздар екен 2022 жылы Зейнетке жыктым алм бир рет дкмалмадым
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл