Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz
2018 жылға жоспарланған боксшылардың жұдырықтасуы Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық мұндай айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді.
«Біз үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Олармен жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға қатысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Головкинге қатысты, біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап боламды. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты», - дейді Мунгия.
Фото: Ашық дереккөзден