Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектеп формасының үлгісі өзгереді
Жаңалықтар

Мектеп формасының үлгісі өзгереді

09.06.2022
1 мин
9
4446

ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға түзетулер әзірледі.

Талаптардың мақсаты – жалпыға міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының көзқарастарының бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына оң көзқарасын қалыптастыру, білім беру ұйымдары мен кеңестер (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) басшылығының жауапкершілігін арттыру, білім берудің зайырлылығын сақтау.

Сонымен қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

  • пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе құлпы бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық блузка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Еркін, кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының ерекше белгілерін (эмблемасын, патчтарын, шеврондарын және т.б.) тағуға рұқсат етіледі.

Мектеп формасының түсін, стилін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілген кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) анықтайды.

Бұл ретте жеке мектеп формасын өндірушілердің артықшылығына жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз.

Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік-аумақтық бірлік үшін мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.

Мектеп басшысы мектеп формасының сақталуы туралы мәселені кеңеске (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) қояды.

Құжат 22 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1159 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
9 Пікір
К
Карлыгаш 10.06.2022
Ұсынып отырған формалары қымбат,сапасы нашар.Көп балалары мектепте оқитындарға қиын .
Жауап беру
М
Мақсат 10.06.2022
Делать нечего
Жауап беру
Қ
Қаракөз 10.06.2022
Мектеп формасын бірдей етсе, қымбаттатпаса, ұзындығы стандарт болса керемет болар еді. Мұғалімдергеде бірдей форма болсын, ұздығы тізеден төмен болсын.
Жауап беру
М
Меруерт 09.06.2022
Ең бастысы қысқа киюге тыйым салса екен ато еңкеймесе екен деп жүреміз
Жауап беру
Л
Лаура 09.06.2022
Билим жагын катырып тастаган сиякты гой.
Жауап беру
Э
Эля 09.06.2022
Менің ойымша 1-4кл қыздары ақ кофта мен сарафан кисе. Юбкалары айналып ,кофтасының етегі шығып жүреді кіші сыныптың қыздары.
Жауап беру
Р
Раушан 09.06.2022
Прямой юбка аласыздар леди визге, кишкентай балага прямой юбка жараспайды да гой Баланын фасоны емес мугалимдер оздерин прямой кие берсин!плессированная болмайды дейд Балага жарасымды фасон тандалуы керек
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл