Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинау: Оқу-ағарту министрлігі түсіндірді
Жаңалықтар

Мектепті жөндеуге ата-аналардан ақша жинау: Оқу-ағарту министрлігі түсіндірді

21.06.2022
1 мин
8
3148

Оқу-ағарту министрлігінің Youtube-тағы «Желіге шолу» айдарында министрлік өкілдері көптің сұрақтарына жауап береді. Айдардың осы жолғы санында мектепті жөндеуге ақша жинау мәселесі қозғалды.

Осы жолы бір оқырман: «Мектебіміз ремонтқа ақша жинап жатыр. Қаншалықты дұрыс?» деп сұрақ қойыпты. Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова жауап берді. 

Оның айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдіктерге қарайды. Демек мектептерді жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту, сонымен қатар жөндеу жергілікті бюджет есебінен жүргізілуге тиіс. 

Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта педагогтерді өзінің жұмысына тән емес басқа жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген, – деді Майра Мелдебекова.

Мектепті жөндеуге ақша жинап жатса, құзырлы органдарға немесе Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жергілікті департаменттеріне шағымдануға болады. Құқық бұзу фактілері расталған жағдайда департамент қызметкерлері өздерінің консультативтік-кеңесші органда қарап, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданады.

Тіпті мектеп мұғалімдері жұмысқа қажет қағаздар үшін де өз ақшасын жұмсамауына болады. 

Сонымен қатар педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз қаражатын жұмсамауы керек. Бұл да осы бұйрықта көрсетілген.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова
Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
М
Мурат 25.09.2023
Ассалаумағалейкум оқушылардан акша жинау тоқтамай тур Жамбыл облст Сарыкемер ауылы Киікбаев атындағы мектеп
Жауап беру
Б
Бекен перизат 29.08.2023
Бызде 1-сынптарға безендыруге ақша жыинап жатыр олда ата-ананың мындетыме
Жауап беру
Г
Гулбаршын 11.06.2023
Ащыбулак ауылында 600тг атестатка жинап жатыр 2023жыл
Жауап беру
А
Айман 01.06.2023
Алматы облысы, Карасай ауданы, Елтай ауылдык округинде, Кокозек ауылындагы мектепте ремонтка 1000 тенгеден жинап жатыр.
Жауап беру
А
Айжан 21.06.2022
Педагогтердің жұмыс барысында пайдаланатын қағаз да мектептен берілуі тиіс па? Ондай мүлдем жоқ. Өзіміз аламыз.
Жауап беру
Ж
Жанерке 21.06.2022
Жамбыл обл аса ауданы Шайкорык ауылы мектебинде жинадык 500 тенгеден мектептин ремонт деп
Жауап беру
21.06.2022
Жамбыл ауданы, Аса деген ауыл атауы
Жауап беру
Қ
Құпия 21.06.2022
Қошмамбет ауылындағы мектепте мұғалімдерге мектеп алдындағы көк шөпті жұлдырып, апта сайын субботник жасатады, мектеп әкімшілігі
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл