| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруға кіріседі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Халыққа қолжетімді бағаны қамтамасыз ету үшін Үкімет азық-түлік нарығына ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.
Бұл тек әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ғана емес, азық-түлік қоржынына кіретін, бірақ мемлекеттік реттеу аясынан тыс қалған барлық тауарларға қатысты.
Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Серік Жұманғариннің айтуынша, министрлік:
- азық-түлік қоржынының құрамына талдау жүргізіп, бағаны тұрақтандыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуі тиіс, - деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай талдау бағаның негізсіз өсуін тежеуге және халыққа өнімдердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.