Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы “Достық – Мойынты” теміржолының екінші желісін іске қосты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы “Достық – Мойынты” теміржолының екінші желісін іске қосты

30.09.2025
1 мин
0
135
Сурет: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуына орай құттықтау сөз сөйлеп "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісінің ресми іске қосылғанын атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы аталған инфрақұрылым жобасының стратегиялық маңызына тоқталып, оның еліміздің көлік-логистика жүйесін жаңа деңгейге көтеретінін айтты.

– "Достық – Мойынты" жолы – аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Ол Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық байланыстарды нығайтады. Тарихқа көз жүгіртсек, 35 жыл бұрын "Достық – Алашаңқай" теміржолы іске қосылды. Сол жолды салған ардагерлер бүгінгі жиынға қатысып отыр. Баршаңызға зор алғысымды білдіремін, – деді Президент.

Тоқаев Қазақстанның көлік-логистика саласы экономиканың қозғаушы күші әрі халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі тетігі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қытаймен арадағы стратегиялық әріптестіктің тарихи және заманауи маңызын ерекше атап өтіп, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының Қазақстан үшін толықтай сәйкес келетінін жеткізді.

– Қытай – біздің мәңгі тату көршіміз әрі сенімді одақтасымыз. Екі халық арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас барлық салада нығайып келеді. "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісі – осы ынтымақтастықтың айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл