Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

17.09.2025
1 мин
0
278
Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы съезден бері әлемде жағымсыз үрдістердің күшейгенін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің сөзінше, бірқатар елдерде саяси тұрақсыздық пен идеологиялық қақтығыстар өршіп келеді.

– Әсіреұлтшылдық пен жалған патриотизм күн санап белең алып барады. Бұл жастардың көзқарасына әсер етеді. Қазақстанда мұндай келеңсіз әрекеттерге жол берілмейді. "Бірлігіміз – әралуандықта" қағидатына қайшы қадамдарға заң аясында қатаң тосқауыл қойылады, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент елде соңғы жылдары саяси жүйені демократияландыруға бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асқанын еске салды. Оның ішінде Конституциялық соттың құрылуы, омбудсмен институтының күшеюі және конституциялық реформалар бар.

– Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын негізге алдық. Президентті жеті жылға бір рет сайлау тәртібі енгізілді. Жақын туыстардың саяси лауазымдарға орналасуына тыйым салынды. Алдағы уақытта бірпалаталы Парламент құру бастамасы талқылануда, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, ел ішіндегі басты мақсат – қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл