Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру 700 000 000 теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру 700 000 000 теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді

21.02.2024
1 мин
0
636
Фото: kaznu.kz

2023 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін цифрландыру бойынша жүргізген жұмыс республикалық бюджеттен 717 млн теңгеден астам әкімшілік шығыстарды үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы деректер бойынша әлеуметтік-еңбек саласында 27,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 24,4 млн электрондық түрде, оның 1,4 млн-ы проактивті көрсетілді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласындағы 50 мемлекеттік қызметтің 48-і электрондық түрде, оның ішінде 30-ы проактивті форматта қол жетімді.

Министрлік процестерді жеңілдету және жаңа тәсілдерді енгізу арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын үнемі жақсартып отырады.

2023 жылы 4 мемлекеттік қызмет проактивті форматқа ауыстырылды: «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»; «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру»; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру».

Сондай-ақ, артық немесе қате төленген әлеуметтік аударымдар мен уақтылы немесе толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару, сондай-ақ қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтару бойынша 2 қызмет автоматтандырылды. Бұл қызметтер енді «электрондық үкімет» порталында қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру бағыттарының бірі шешім қабылдау кезінде адами факторды алып тастау және қызмет көрсету уақытын қысқарту болып табылады.

Осы жұмыс шеңберінде 2023 жылы 4 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»; «Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»; «Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау»; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға бөлігінде).

Егер бұрын осы жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде оған 7 адам қатысса, ал қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін алса, бүгінгі күнде бұл жұмысты ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде адамның қатысуынсыз автоматты режимде орындайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің өтініштерді қарау қажеттілігін болдырмау жолымен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 7 түрін беру тәртібі оңайлатылды. Бұл қызмет көрсету мерзімін 8-ден 4 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Еңбекмині халыққа мемлекеттік қызметтер алу арналарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Қызмет көрсетудің осындай арналарының бірі екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары болып табылады. Өткен жылы Министрліктің ЕДБ арқылы көрсетілетін қызметтерінің саны 3 қызметке кеңейді: «көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау»; «жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар туралы ақпарат беру».

Бұл ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көрсетілген қызметтердің үлесін 2022 жылға қарағанда 2,3%-дан 50,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Енді азаматтар жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді жылдам ала алады, ол үшін ЕДБ мобильді қосымшалары болса жеткілікті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл