Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін мәжілісте жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы талқыланды. Депутат Анас Баққожаев өз мәлімдемесімен сөз сөйлеп, жиналғандарды көбейгісі келетінін айтып таңғалдырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Талқылау барысында жануарлар құқығын қорғаушылар қаңғыбас жануарлардың санын бақылау үшін эвтаназияның орнына стерилизацияны қолдануды ұсынды. Активистер жануарларды өлтіру адамгершілікке жатпайды деп есептейді.
Оған жауап ретінде депутат барлық тірі ағзалардың көбеюге ұмтылатынын және өзінің де көбейгісі келетінін айтты.
- Кез келген биологиялық тіршіліктің басты мақсаты – көбею. Мен де көбейгім келеді. Барлығы көбейгісі келеді, тіпті микробтар да. Сіздер күлмеңіздер, бірақ стерилизация туралы сөз қозғағанда біз жануарларды осы мүмкіндіктен айырамыз. Бұл адамгершілікке жата ма?, - деді ол.