Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өтіп жатқан кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов қазақстандықтарды жұмыспен қамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Үкімет жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін кешенді шешу үшін халықтың табысын республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу туралы бағдарламаны дайындады. Әкімдіктер өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларын қабылдады. Нәтижесінде осы жылдың соңына дейін бір миллионға жуық қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жергілікті атқарушы органдардың алдына жаңа жұмыс орындарын құру бойынша инвесторлармен тығыз жұмыс жасай отырып, Жұмыспен қамту карталарын сапалы іске асыру міндеті қойылды», - деді Алтай Көлгінов.
фото: Telegram Aqorda