Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алаяқтыққа қатысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы министр Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.
Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, - делінген хабарламада.
Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.