Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздегі ауыз су тапшы аймақтарды атады деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министр 2022 жылдың соңына қарай сумен жабдықтау қызметтері қалаларда 98,4 пайыз, ауылдарда 94,5 пайыз қолжетімді болғанын жеткізді.
Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Қызылорда облыстарындағы 9 қалада сумен жабдықтау қызметі 100% қолжетімді болған. Осы тұста ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай облысында байқалады.
«89 қаланың 64-і қолжетімділікке ие болды. 6295 ауылдың 4900-і немесе 78 пайызы ауыз сумен қамтылған. Қалаларды ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Жамбыл облысында - 91,9 пайызды құрап отыр. Ал Қостанайдағы ауылдарда – 80,4 пайыз, Ақмола – 89,8 пайыз және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 85 пайыз. Қауіпсіздік көрсеткіштері төмен өңірлерге қаржы басымдықпен бөлінеді. Бұл артта қалған өңірлердің көрсеткіш деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Марат Қарабаев үкімет отырысында.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жыл соңына дейін өңірдегі көрсеткіш жақсарып, тағы 66 елді мекеннің тұрғындары сапалы суға қол жеткізетініне сендірді.
фото: baq.kz