Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның UTC+5 уақыт белдеуіне көшудің артықшылықтары жайлы түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, бұл белдеу еліміздің 76 пайыздан астам халқын қамтиды, оның ішінде Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалалары орналасқан. Бұл аймақтар 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды алып жатыр.
- Қазақстанның аумағы негізінен бесінші уақыт белдеуінде орналасқан. Бұрын қолданылған UTC+6 уақыт белдеуі 1930-1931 жылдары декреттік уақыт енгізу арқылы пайда болды. Ал UTC+5 біз үшін жаңа емес, керісінше, тарихи уақытқа қайта оралу, - деді министр Үкімет отырысында.
Шаққалиевтің мәліметінше, әлемдегі 195 елдің 117-сі географиялық ерекшеліктеріне сай стандартты уақыт белдеуін таңдаған.
Тағы көру