Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл күзде мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
Айтуынша, мәдениет саласының, әсіресе, облыстық мәдениет мекемелері, музей мен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы соңғы он екі жылда өспеген.
"2020 жылы қаңтарда республикалық мәдениет, мұрағат ұйымдарында жалақы 50%-ке, жергілікті деңгейдегі ұйымдарда 35%-ке ұлғайды. Биыл айлықты кезекті рет өсіру бойынша жұмыс атқарылды", - деді Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша брифингте.
Мәдениет министрлігі еңбекақыны арттыруға қатысты республикалық бюджет комиссиясына өтінім берген. Ведомство басшысы пандемиямен байланысты ахуал жақсаруына байланысты үкімет өтінімді қолдайды деп үміттенеді.
"Жалпы үкімет мәдениет ұйымдары мен мұрағаттарда істейтін барлық деңгейдегі қызметкердің жалақысын өсіру туралы бастамамызды қолдап отыр. Күзде еңбекақы көтеріледі деген ойдамын", - деді министр.
Ол биыл екі театр академиялық мәртебе, ал бес ұйым ұлттық мәдени нысан атағын алғанын еске салды. Айтуынша, осы мәртебенің арқасында бұл ұйым жұмысшыларының жалақысы артады.
Дереккөз: Sputnik.kz
Тағы көру