Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер педагогтерінің VII съезі болып жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Бұл съезд халықаралық мұғалімдер күніне орай өтуде. Сондықтан осы залда жиналған барлық әріптесімді, ұстаздарды төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Осы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына мүше елдер педагогтерінің съезі елордамызда екінші рет өтіп отыр. Осыдан 12 жыл бұрын астанамызда бірінші съезі өткен болатын. Бүгінгі съезде өте маңызды тақырыптарға талқыға саламыз. Съезд тақырыбы өте маңызды. Ол «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру үдерісінің трансформациясы» деп бекітілген болатын. Мұғалімнің баға жетпес рөлі тап осы пандемия кезінде ерекше айқындалды және еселене түсуде. Сондықтан бүгін осы маңызды тақырыпты жан-жақты талқылаймыз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Екі жылда бір рет өткізілетін съездің бұл жолғы жиынына еліміздің түпкір-түпкірінен 600-ден астам мұғалім, ал достастық елдерінен 100-ден астам ұстаз қатысуда.