Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда карантин шаралары желтоқсан-қаңтар айларында енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Оның айтуынша, елдегі жағдайға байланысты әр апта сайын талдау жүргізіледі. Ол болжам бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантин талаптары күшеюі мүмкін екенін айтты.
"Бүгінде өсім байқалады және ол болады да. Ең бастысы оны тежей білу керек. Қазір ауруханалар мен инфекциялық стационарлар 22%-ке толған, реанимациялық төсек-орынның 17%-і бос емес. Яғни, резерв бар, сол себепті жағдай бақылауда, алаңдаудың қажеті жоқ", - деді ол.
Еске сала кетейік, қазіргі кезде қатаң шектеу шаралары енгізілген қаупі жоғары аймақтар қатарында, яғни "қызыл" аймақта Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары бар.
Тағы көру