Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр: Қазақстандықтардың несиені көп алуы – табысының жоғары екенін көрсетеді
Жаңалықтар

Министр: Қазақстандықтардың несиені көп алуы – табысының жоғары екенін көрсетеді

25.06.2025
1 мин
6
370

Үкіметте өткен брифинг барысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде несиелендіру көлемінің күрт өсуіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, тұтынушылық несиелер санының артуы халықтың жағдайының нашарлағанын білдірмейді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі жалпы несие көлемі 20,9%-ға артып, 34 триллион теңгеге жуықтаған.
Атап айтқанда:

  • Бизнестің несие алу көлемі 16%-ға өсіп, 13 триллион теңгені құрады;
  • Халықтың жалпы несиесі 24%-ға артып, 21 триллион теңгеге жетті;
  • Тұтынушылық несиелер 33,5%-ға өсіп, 14 триллион теңгеге дейін жеткен.

БАҚ өкілдері министрден "Несие алушылар санының артуы кедейліктің белгісі емес пе?" деп сұрады. Алайда министр бұл пікірмен келіспейтінін айтты.

- Тұтынушылық несиелердің артуы – халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші. Бұл – адамдардың мүмкіндігінің артқанын білдіреді. Олар несиені еш алаңсыз ала алады, – деді Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған арнайы тетіктер қарастырылған. Мәселен, несие рәсімдемес бұрын азаматтарға шешімін қайта қарау үшін «бір түн ойлану» мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, қарыз жүктемесі коэффициенті қолданылып, адамның барлық несиелері табысымен салыстырылып есептеледі. Қазіргі талап бойынша, бұл көрсеткіш жалақының 50%-ынан аспауы тиіс.

- Біз бұл шекті көрсеткішті 35%-ға дейін төмендетуді ұсынып отырмыз, – деп мәлімдеді министр.

Сөз соңында Жұманғарин қазақстандықтардың қаржылық жауапкершілігіне сенетінін айтты.

- Яғни, егер азамат көп несие алса, бұл – оның табысы жоғары, қаржылық мүмкіндігін бағамдай алатын адам екенін көрсетеді. Ал егер ол ірі сома алса, табысы да соған сәйкес болуы мүмкін. Бірақ егер азамат дәрі-дәрмек алу үшін несие рәсімдесе, онда бұл мәселені тереңірек талдау керек, – деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Г
Гулнара 26.06.2025
Несиені ақшасы жоқ адам алады. Жалақысы көп адам несиені басына жанама? Сол жалақысыннан жинамайма оданда
Жауап беру
Д
Данияр 25.06.2025
Осы кісі халықпен алысады да отырады екен!????????
Жауап беру
А
Асель 25.06.2025
“Ой, Не деген ми!”дейм да
Жауап беру
Б
Баян 25.06.2025
Қандай министр мынау, табысы жоқ ақша қышап тұрған соң амал жоқ алады кредитті халық,әйтеуір өлмесем бөліп төлеп құтылармын деп,ішпей-жемей төлеп. Халықтың жағдайын білмейтін министр ғой мынау
Жауап беру
А
Айман 25.06.2025
Жетіскеннен алып отырғандай, Вот именно зарплатадан зарплата жетпегесін кредит алып продукты алады, кредит алып күн көреді. Мынау министр артық айттыма дедімғой
Жауап беру
А
Анэля 25.06.2025
Халык несиені табысы жоғары болғаннан емес, жетпеген нен алады. Осы парламентте отырғандар кандай мимен ойланып шыгарады осындайды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл