Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мобильді аударымдарды бақылау: Қазақстанда қыркүйектен бастап жаңа ереже енгізіледі
Жаңалықтар

Мобильді аударымдарды бақылау: Қазақстанда қыркүйектен бастап жаңа ереже енгізіледі

25.06.2025
1 мин
0
900
Сурет: freepik

Қыркүйек айынан бастап елімізде мобильді ақша аударымдарын бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Жаңа ережеге сәйкес, үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асқан аударымдар қадағаланады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, екі айдан кейін мобильді аударымдарды бақылау жаңа механизм арқылы жүзеге асырылады.

- Қазір осы бағытта ақпарат жинап жатырмыз. Бұған дейін басқа талаптар болған. Енді үшінші талапты енгізетін бұйрық дайындалды. Ол бүгін қабылданған (салыққа қатысты) заң жобасынан кейін күшіне енуі тиіс еді. Заң қабылданды, енді ол 60 күн ішінде өз күшіне енеді. Осы мерзімде біз қажетті нормативтік құжаттарды бекітіп, іске кірісеміз. Қыркүйектен бастап жаңа тәртіп қолданысқа енеді, – деді Біржанов.

Сондай-ақ, ол “туыстар арасындағы ақша аударымдары да тексеріле ме?” деген сауалға жауап берді. Вице-министрдің айтуынша, мұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді.

- Мәселен, ата-ана мен бала, немесе бауырлар бір-біріне ақша аударса, сомасына қарамастан, ешқандай бақылау жүргізілмейді. Тіпті 1-2 миллион теңге аударылса да, егер бұл туыстар арасындағы операция болса, ол тексерілмейді. Тексеріс үшін үш шарттың барлығы бір уақытта орындалуы қажет. Біріншіден, үш ай ішінде ақша жібергендер кемінде 100 түрлі адам болуы керек. Екіншіден, осы 100 адам бір ғана тұлғаға ақша аударуы тиіс. Үшіншіден, жалпы сома 1 миллион теңгеден асуы керек. Мысалы, сізге жыл сайын ақша жіберетін 100 туысыңыз болуы екіталай, сондықтан бұл талап көпшілікке қатысты болмайды, – деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл