Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank рейтингтерін көтерді.
Ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі Ba2-ден Ba1-ге дейін көтерілді. Контрагент тәуекелінің ұзақ мерзімді дәрежесі Ba2-ден Ba1-ге дейін жоғарылады. Халықаралық деңгейдегі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтердің болжамы мен эмитенттің жалпы болжамы "Позитивтен" "Тұрақты" болып өзгертілді.
Moody's сарапшылары Kaspi Bank рейтингінің көтерілуі берік қаржылық көрсеткіштер мен 2020 жылдағы қолайсыз операциялық ортаға тұрақтылығын көрсетеді деп атап өтті. 2020 жылы және 2021 жылдың бірінші тоқсанында кіріс тұрақты болып, өтімділік қоры күшейтілді және Kaspi активтерінің сапасы жақсарды.
Kaspi.kz басшысы және оның негізін қалаушы Михаил Ломтадзе бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді:
"Рейтинг жоғарылауы бизнесіміздің жоғары сапасы мен үздік әлемдік тәжірибеге сай жұмыс қағидаларымыз тағы бір мойындалғанын білдіреді. Біз сүйікті клиенттеріміз үшін инновациялық қызметтер құруды және іске қосуды жалғастырамыз. Мысалы, біз маусымда теміржол билеттерін Kaspi.kz суперқосымшамыз арқылы тікелей сатып алу мүмкіндігін қостық. Біз қазақстандықтардың өмірін жақсартатын жаңа қызметтермен таңғалдыра береміз. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!".
Сонымен қатар, Moody's банктің ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін A1.kz-тен Aa3.kz-ке, ал ұлттық контрагент тәуекелі ұзақ мерзімді рейтингін A1.kz-тен Aa2.kz-ке дейін көтерді.
Депозиттердің қысқа мерзімді рейтингі және контрагент тәуекелінің қысқа мерзімді рейтингі NotPrime деңгейінде, ал контрагент тәуекелінің қысқа мерзімді рейтингі Not Prime (cr) деңгейінде тіркелді.