Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мұғалімдердің табысына қосымша ақы қосылады
Жаңалықтар

Мұғалімдердің табысына қосымша ақы қосылады

06.04.2023
1 мин
9
4564

2023 жылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей «педагог – модератор» біліктілік санаты беріледі, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі оларға жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленетінін де мәлімдеді.

ҚазАқпарат мәліметінше, еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыға 35% үстемақы төленіп, сарапшы санаты беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінде айтылды.

«Барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтер үшін осы шаралар қарастырылған. Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ, «педагог» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады», – дейді департамент директоры Ернат Жүнісов.

Сондай-ақ зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады.

фото: sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
9 Пікір
А
Айнур 07.04.2023
Осы мугалымге косканша неге копбалалы аналарга коспайды екен
Жауап беру
Г
Гулжайна 06.04.2023
Шүкіршілік
Жауап беру
D
Dr. louis 06.04.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60176359983 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
А
Азиза 07.04.2023
Неге алдайсындар отирик суммамен , ондай бага мумкин емес кой
Жауап беру
К
Камила Т 06.04.2023
Мектепке дейинги тарбиешилердин жалакысы аз жумысы ауры екенин биле тура неге биз шетте каламыз биздинде жалакымызды котерсениздер
Жауап беру
М
Маржан Ж 06.04.2023
Мектепке дейинги тарбиешилердин жалакысы аз жумысы ауыр екенин биле тура неге биз шетте каламыз бизге де тарбиешилерге конил болинсе екен биздин енбегимиз багаланса екен деген пикир калдыргым келеди
Жауап беру
А
Асель 06.04.2023
Мұғалімдерден басқа адам жоқ па Қазақстанда? Бәрі қымбат айлық аз түкке жетпейді. Военныйларға неге қоспайды күні түні жұмыс полигон семьяларына уақыт жоқ, қосымша табыспен айналысуға болмайды 1 айлықпен өмір сүріңдер деп.
Жауап беру
06.04.2023
Бұл жерде университет және колледж мұғалімдеріне байланысты айтылған. Мектеп мұғалімдері туралы емес
Жауап беру
Н
Нургул 06.04.2023
Мугалымдерге жалакыны коса бергенше,тех персоналға неге акша коспайды екен?70 мыңга калай омыр сурып жатканы неге ешкымды кызыктырмайды?!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл