Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүгедектерге арналған такси қызметінің тиімділігі арта түсті
Жаңалықтар

Мүгедектерге арналған такси қызметінің тиімділігі арта түсті

05.12.2023
1 мин
0
390
Фото: gov.kz

Астана мен Алматы қалаларында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 41,5 мың инватакси қызметі көрсетілді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгінгі таңда пилоттық жобаға аталған қалалардан 629 адам қатысуда.

Инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің механизміне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба жүзеге асуда.

Әдетте агрегатор жасалған сапарлардың төлем ақысынан платформаларының пайдасына белгілі мөлшерде пайыз аударатын болса, мұндағы басты шарт сол пайыздың болмауы. Осы жұмысты қолдаған Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді қажетті нұсқауларды алады.

Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады.

Қызмет көрсетудің оң нәтижесі болған жағдайда жаңа форматта мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына және еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл