Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша азаматтарға төленген жәрдемақы мөлшері айтылды
Жаңалықтар

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша азаматтарға төленген жәрдемақы мөлшері айтылды

17.08.2021
1 мин
12
1989

Елімізде қаңтар-шілде айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 180,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 47,8 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 26,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,5 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 526,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 160,9 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 556 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 606 теңгені құрады.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
12 Пікір
Б
Бота 18.08.2021
Менде жолдасым кайтыс болган уш камилетке толмаган балам бар. Ешкандай комек алмадым.
Жауап беру
Н
Назгул 17.08.2021
Үкіметте жұмыста жок анамын, бір кызым бар, асыраушысынан айрылган акшаның көлемі 29000бұл акша кәзіргі заманда неге жетеді
Жауап беру
Г
Гулнур 17.08.2021
Мен асыраушынан айырылган анамын менде комек алмадым бунын бари жай соз.
Жауап беру
А
Алтынкуль 17.08.2021
Мен асыраушысынан айрылған анамын.Мен ешкандай көмек алмадым шілде айында,тамыз айында да.Кайда хабарласуыма болады
Жауап беру
17.08.2021
Бұл балаға берілетін көмек
Жауап беру
К
Кенжегуль 17.08.2021
Мен асыраушысынан айырылған анамын. Шілде айында немесе тамыз айында да мен ешқандай көмек ақша алған жоқпын. Бул сұрақпен қайда хабарласа аламын?. Рахмет.
Жауап беру
Г
Гулнар 17.08.2021
Жолдасым 1 топ мугедек , кутушиликке жардем акы ашмаймыз , бул туралы озгеис жок па
Жауап беру
А
Айнаш 17.08.2021
Көп балалы аналардың бірімін үлкенім 20 жасқа толған дықтан 4 балаға алатын жәрдем ақым тоқтап қалды .бір балам 16 жасқа дейінгі инвалид ,бір балам ақылы колледж де оқиды.жолдасымның жұмысы 0,5 ке қысқартылды қазіргі кезде 31000 айлыққа жұмыс жасап жүр . Қайдағы көбейген керісінше бәрін қысқарып жатырдан жоқпа биліктегілер қайда қарап кімнің ақшасын көбейтіп жатыр ?
Жауап беру
А
Айгерим 17.08.2021
Далбасаламасын шилдеде косылмады да гой
Жауап беру
Г
Гулнар 17.08.2021
Шылде айында косылган жокко
Жауап беру
А
Акерке Алдаберген 17.08.2021
Хотя 10 000 или 20 000 косса мактанып айтатын. Тыйынды есептеуден шаршамайды екен окимет. Кашан өзгерістер болады екен.
Жауап беру
М
Манара 17.08.2021
Салеметсиздерме? Бұны жәрдемақыға қосып бере ме? Мен 2топтағы мүгедектікке жататын, не рабочая группа, Балаларыма за потерю кормильца аламын, әкесі жоқтыққа, осы уақытқа дейін ешқандай көмек алмаппын, 87773229829
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл