Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазфосфат» ЖШС-не 1 200 000 теңгеден астам айыппұл салынды
Жаңалықтар

«Қазфосфат» ЖШС-не 1 200 000 теңгеден астам айыппұл салынды

03.05.2024
1 мин
0
733
Фото: kpp.kz

«Қазфосфат» ЖШС-не қатысты тұтынушылардың өтініші бойынша басталған тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚА) Жамбыл облысы бойынша департаменті мәлім етті.

Кәсіпорынның қызметін талдау барысында сұйық оттегінің монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Қазфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 8 344 170 теңге сомасына монополиялық кіріс тәркіленді.

Сот шешімі заңды күшіне еніп, айыппұл толық көлемде төленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл