| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта өсім көрсетті. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің нақты нәтижеге жетпеуі әсер етіп отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аптаның басында әлемдік мұнай нарығында баға қайта қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің созылып кетуі және тараптардың ортақ мәмілеге келе алмауы себеп болған.
Сейсенбі күні Астана уақытымен таңғы сағат 08:20-дағы мәлімет бойынша, мұнайдың бір баррелі 105,16 долларға бағаланды. Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 0,9 пайызға жоғары көрсеткіш.
Дегенмен қазіргі баға бір апта бұрынғы деңгейден әлі де төмен. Нақтырақ айтқанда, өткен аптамен салыстырғанда мұнай құны шамамен 9,85 пайызға арзандаған.
Айта кетейік, 6 мамыр күні қара алтын бағасы күрт төмендеп, бір баррелі 98 долларға дейін түскен еді. Сарапшылар алдағы уақытта мұнай нарығындағы тұрақсыздық сақталуы мүмкін екенін айтады.