| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық пен геосаяси шиеленіс аясында Қазақстан бюджетін қайта қарау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазіргі жағдайда елді мұнай бағасынан гөрі гуманитарлық ахуал көбірек алаңдататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда республикалық бюджетті қайта қарауға негіз жоқ.
- Неліктен екенін түсінесіздер ме? Себебі қандай трендтер қалыптасатыны және олардың қаншалықты тұрақты болатыны әзірге белгісіз. Бізді қазір мұнайдың саудаланып жатқан бағасынан гөрі гуманитарлық жағы көбірек алаңдатады. Бұл қақтығыс тезірек аяқталып, тараптар бейбіт келісімге келгенін қалаймыз, – деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық сауда байланыстары да белсенді дамып жатыр.
- Иран және ЕАЭО елдерімен еркін сауда режимі туралы келісімге қол қойғанбыз. Сауда белсенді жүргізіліп жатыр. Парсы шығанағындағы барлық елмен де сауда қарқынды. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен де қарым-қатынасымыз жақсы. Жыл сайынғы тауар айналымы шамамен 4 млрд долларға жетті, – деді Серік Жұманғарин.
Осылайша, қазіргі құбылмалы жағдайда басты басымдық – бюджет тұрақтылығын сақтау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және аймақтағы гуманитарлық ахуалды бақылау.