Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мыңнан аса қазақстандық өз өмірін коронавирустан қаржылай сақтандырды
Жаңалықтар

Мыңнан аса қазақстандық өз өмірін коронавирустан қаржылай сақтандырды

22.06.2020
1 мин
4
1252

Бұдан былай кез келген қазақстандық індеттен өз өмірін қаржылай сақтандыра алады. Ол үшін сақтандыру полисін рәсімдеуге болады. Елімізде жаңа бағдарлама  «Corona Protect» іске қосылды. 

Белгілі бір сомаға сақтандыру пакетін сатып алған жан індетті жұқтырып жатса, сақтандыру компаниялары тарапынан қаржылай көмек ала алады. Сақтандыру компаниясының қызметіне сәуірден бері мыңнан аса адам жүгінген. Сақтандырудың сомасы әр адамның таңдаған пакетіне байланысты. Рәсімдеу онлайн жүргізіледі.


Сақтандырудың ең төменгі сомасы шамамен 5 мың теңгеден басталады. Бұл жағдайда індетті жұқтырып, ауруханаға түскен жандарға 100 мың теңге өтемақы беріледі, ал ауру өлімге әкеп соқтырса, төленетін қаржы бұдан он есеге артады. Сақтандырудың келесі пакеті 10 мың теңге шамасында, сәйкесінше төленетін өтемақы да көбірек, ауырған адамға 200 мың теңге, өлім-жітім жағдайында 2 млн теңге бөлу қарастырылған.

Сақтандырудың ең қымбат пакеті  24500 теңге тұрады. Өтемақысы жарты млн, ал қайтыс болған жағдайда төленетін сомасы 5 млн теңге.

- Ауру айтып келмейді. Індетті жұқтырып, жұмысынан айырылғандар көбейді. Аурудың соңы өлімге соқтыратын жағдайлар да болып жатыр. Мұндай сәтте кез келген отбасы үшін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Бүгінге дейін біз коронавирус жұқтырған екі науқасқа жарты млн теңгеден өтемақы төледік, дейді сақтандыру компаниясының басшысы Тимур Турлов.

Тұрғындардың көбі құны 24500 теңге тұратын осы пакетке қызығушылық танытады екен. Сақтандыру полисі алты айға дейін жарамды. Бірақ оны сатып алған жандар мына нәрсені ескеруі тиіс. Өтемақы тек қана ауруханаға түсіп, ем-дом алған жандарға ғана беріледі. Ал симптомы жоқ науқастар, үйде өздігінен ем қабылдаған жандарға өтемақы төлеу қарастырылмаған.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Г
Галия 23.06.2020
Мен мед.кызметкеримин жумыс журип жукт ырып 2,5 ай дегенде уйге келдим медиктерге жуктырган жагдайда толенетин 2 млн толене ма толенетин
Жауап беру
А
Айнаш 22.06.2020
Қандай сақтандыру қоры,?
Жауап беру
Г
Гулнур 22.06.2020
Калай сактаймыз сонда, кайда хабарласамыз. Ким биледы.
Жауап беру
П
Патима 22.06.2020
Мен сақтандыру қорына бұрыннан тіркелгенмін. Ол кезде каранавирус деген жоқ тұғын. Алайда онымен ауырсам сонда маған сақтандыру полисінен ештеңе берілмей ме?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл