Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мырқымбай декретке шығарда не істеу керек?
Қаржылық сауат

Мырқымбай декретке шығарда не істеу керек?

11.06.2020
2 мин
70
22651

Елімізде декреттік демалысқа тек қана әйелдер ғана емес, ер адамдар да шыға алады. Бұл қандай жағдайда болады? Балаға күтім жасау үшін әкесі қалай декреттік демалыс ала алады? Құжаттар қалай рәсімделеді? Дәл осы сұрақтарға мақалада жауап береміз. Әйелдерге декреттік демалысқа шығу жолдарын, төлемдерін өткен мақалада мысалмен түсіндірсек, ер адамдар алатын декреттік демалысты өздеріңізге танымал Мырқымбайдың мысалымен келтіруді жөн көрдік.

Қандай жағдайда ер адамдар декреттік демалысқа шығады?

Еліміздегі заңнамаға сәйкес аналар да, әкелер де декреттік демалысты тең дәрежеде рәсімдей алады. Яғни, егер Мырқымбайдың әйелі қандай да бір себептермен баланы 3 жасқа дейін қарау үшін жұмыстан кеткісі келмесе, бала күтімімен Мырқымбайдың өзі айналысады. Дәл осындай декреттік демалысты бала асырап алған ата-аналар да ала алады.

Ер адамның 3 жасқа дейін бала күтімімен айналысу себептерін төмендегідей жағдайлар бойынша қарастыруға болады:

  1. Отбасында әйел адамның табыс көзі жақсы болған жағдайда. Яғни, Мырқымбайдың әйелі салыстырмалы түрде отбасының қаржылық жағдайын жақсырақ қамтамасыз ете алады. Және жұмысын тоқтатқысы, жоғалтқысы келмей, Мырқымбайдан бала күтімімен айналысуды сұрайды. Бұл жағдай әдетте ер адам әйелге қарағанда жұмыс табуы қиын болатын аймақтарға қатысты;
  2. Жалғысбасты ер адам бала асырап алған жағдайда. Мысалы, Мырқымбай туысының, досының баласын қамқорлыққа алғанда;
  3. Ажырасып, бала әкесінің қарамағында қалғанда;
  4. Әйелі босану кезінде немесе аурудың салдарынан қайтыс болғанда;
  5. Бала 3 жасқа толмай, әйелді ана құқығынан айырғанда кезде.

Декреттік демалысты отбасындағы табысқа байланысты, кімге рәсімдеу керегін ата-ана ақылдаса келе, отбасы жағдайын ескеріп шешім қабылдауға тең құқылы. Балаға байланысты берілетін декреттік төлемдерді есептеу жүйесін Мырқымбайдың жұмыс істейтін және жұмыс істемейтініне байланысты бөліп қарастырдық.

Мырқымбай жұмыс істемеген жағдайда бір жыл бойы ай сайын беріліп отыратын жәрдемақыны ала алды.

  • бірінші балаға - 5,76 АЕК - 16 001,28 теңге;
  • екінші балаға - 6,81 АЕК - 18 918, 18 теңге;
  • үшінші балаға - 7,85 АЕК - 21 807,3 теңге;
  • төртінші және одан да көп балаға - 8,90 АЕК - 24 724,2 теңге.Бұл төлем ай сайын беріледі. Айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге екенін ескеру керек.

Мырқымбай жұмыс істеген жағдайда, яғни кемі 2 жыл жұмыс істеп, қызмет орнынан зейнетақы қорына төлем түсіп, барлық әлеуметтік салымдар жасалса, декреттік демалысқа шыққанда ай сайын берілетін сома да әлдеқайда жоғары болады. Мырқымбай декреттік демалысқа шығар алдында қанша сома алатынын есептеу үшін соңғы 24 айдағы (2 жылдағы) жалпы кірісті білу керек. Есеп формуласы: кіріс 24-ке бөлінеді, 0,4 коэффициентіне көбейтіледі. Бұл сомадан 10 % зейнетақы жарнасын алып тастайды.

Мысал. Мырқымбай декретке шығар алдында соңғы 2 жыл ішінде  ай сайын 240 мың теңге (бірінші жыл) және 290 мың теңге (екінші жыл) алды. Оның декреттік төлемі:

12 × 240.000+ 12 × 290.000 = 2.880.000 + 3.480.000 =  6.360.000тг

6.360.000 : 24 = 265.000тг

265.000 × 0,4 = 106.000тг

106.000 × 10: 100 = 10.600тг

106.000  - 10.600 = 95.400 теңге - ай сайын төленетін ақша.

Дүниеге егіздер келген жағдайда декреттік демалысқа ата-ананың біреуі ғана шыға алады. Көп жағдайда шаңырақта егіздер келгенде ата-ананың екеуі де декреттік демалысқа шығады деген пікір бар. Ол қате түсінік. Алайда бұл жағдайда сәбилерге берілетін төлем екі еселенеді.

Ер адам заңды түрде құжаттарды тапсырып, жәрдемақы рәсімдегеннен кейін жұмыс жасауы заңсыз. Дәл осындай жағдай болмас үшін мемлекет тарапынан бақылау жүргізіліп отырады. Мырқымбай 1 жыл көлемінде бала күтімімен айналысатын болса, оның шотына арнайы бір ресми мекемеден ай сайын төлем түсіп, зейнетақы салымдары жүрмеу керек. Зейнетақы қорына аударым жасалған жағдайда мемлекет тарапынан жасалатын зейнетақы субсидиясы тоқтайды.

Ер адамдар декреттік демалысты рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек?

  • Өтініш беру;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Тұрақты мекенжай анықтамасы;
  • Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
  • Төлемдер үшін қажетті банктен операцияларының операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк шотының нөмірі;
  • Ер адамның бала күтіміне байланысты жұмыстан кеткендігі жайлы бұйрық.

Елімізде отбасы жағдайына байланысты бала күтімімен декретке шығатын ер адамдар бар. Ал шет мемлекеттерде бұл қалыпты жағдай. Мәселен, Швецияда жаңа туған сәбиі бар әкелер үшін арнайы 60 күн демалыс беріледі. Тіпті оларға дәл сол декреттік демалысты пайдаланғаны үшін қосымша ақша төлейді екен. Норвегия мен Исландияда міндетті 14 апталық декреттік демалыс бар. Ал Канадада берілетін декреттік демалысты ер мен әйел адам бөліп алуға болады. Ал біздің мемлекетте декреттік демалысқа қатысты әке мен ананың құқы тең. Сол себепті Мырқымбайдың мысалын жаза отыра, декреттік төлемді рәсімдеу, есептеу, керек құжаттар тізімін ұсындық.

Назерке БАЙЖАН

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
70 Пікір
ж
жоламан 25.12.2023
айелим жумыс истемесе де ер адам декреттик демалыска шыга алама
Жауап беру
Д
Данабек 12.05.2021
Жумыссыз отканда 42500 тусип, августте жумыска кирип айелим, сол айда автоматты турде отинимсиз 21250 тусип. Енди узбей жумс истеп келип дородовой кужаттарн тапсырганда 42500 алгансыздар деп адамды абигерлеуде. Пенсионка дан корип ОТР алдынгы айларн да жумыс истемегенин, сонгы ай ушин сонша маселе туындатуда осыган Ким жауап шешим айта алады?
Жауап беру
Ж
Жанар 05.03.2021
Даке Мыркымбай, Батима сынды есимдер орнына более кулакка жагымды, крутой есиммен ауыстыруга болмайма
Жауап беру
М
Макпал 01.02.2021
Даулет сизге бир сурак, менде ИП бар жане ТОО да косымша жумысым бар, декретке тек ИП мен шыгып, жанагы Тоо -дан айлыгым журип турса, маган ай сайынгы толенетин берилетин акшам токтап калмайма?
Жауап беру
Г
Гульдана 11.01.2021
Осылай дал салсак айына 95000 до родовой канша шыгады екен
Жауап беру
А
Алтынбек 06.01.2021
Егер менің атымда ИП болса қалай болар екен. Декреттік демалыс
Жауап беру
А
Алтынбек 06.01.2021
Егер менің атымда ИП болса қалай болар екен. Декреттік демалыс
Жауап беру
З
Зоя 04.01.2021
Саламатсызба, Мен жумыс жасамаймын, жолдасым жекретке кала алама?
Жауап беру
ж
жоламан 25.12.2023
шещимин таптынызба
Жауап беру
Қ
Қызғалдақ 03.01.2021
Тиімді әрі нақты ақпарат. Ақшасын да есептеп, тапсыратын құжатын да біледі оқырман. Көп рахмет.
Жауап беру
Т
Ты незнаешь 29.12.2020
Бәрі жазылып тұр, халық ойланбайды екен, қайтадан сұрап отыр бәрін)
Жауап беру
С
Самал 29.12.2020
Декретке 36 аптадан шыгуга болама?
Жауап беру
Л
Лаура 29.12.2020
Күйеуім догоданы өзіне туындап еді сізде жумысыныз бар деп туралы алмады, ал касындагы коллектив баласы озине туындап догоданыда , айлығында алып отыр еще догодасы бизден көп осы каншалыкты дурыс
Жауап беру
М
Мақпал 29.12.2020
Мен жұмыссыз анамын құжатты жолдасымның атынан рәсімдеп декреттік демалысқа шықпай жұмысын істеуге болама бананың қараушысы бар деп
Жауап беру
Ж
Жамила 28.12.2020
Операциялық жолмен босанатындарға мемлекеттен немесе жумыс орнынан көмек акша берилеме
Жауап беру
А
Аяулым 28.12.2020
сиз ай сайынгыны до года айтып турсыз, алдекретный толенема ер адамга
Жауап беру
А
Акбота 28.12.2020
Мыркымбайдын табысы коп болса шыга алама что бы декретный коп алу ушин
Жауап беру
А
Асел 28.12.2020
Менын жолдасым декреттык демалыста 6 айдан сон қызымыз 3 ке толады сол кезде жұмысқа шығады Алла қаласа
Жауап беру
С
Салтанат 29.12.2020
3 жаска дейин толенеме сонда?
Жауап беру
Н
Нұрбибі 28.12.2020
Екі балама бар жалғыз басты анамын көмек бересіздерма
Жауап беру
Т
Талғат 28.12.2020
Жақсы екен Рахмет сізге менің жолдасым жұмыссыз өзім кітапхана саласында жұмыс жасаймын жолдасым аяқ ауыр сонда мен декретный аламын ба?
Жауап беру
А
Айнур 28.12.2020
Меним пикирим меним 3улым бар 2ши улым сахрмен ауырады сиздер ер адамдарда декреттик демалыска шыга алады и сосин таги туракты жумысы жок жолдасымнын. Менде жардем акы комек алмаймын.
Жауап беру
М
Мария 28.12.2020
Мен жалғыз басты анамын,бир кызым бар жалгыз Басты ана ретінде тіркеуде турмаймын.ешкпндай алеуметтик көмек алмаймын.мен кайда тиркелемінжалгыз Басты ана ретінде.комек ала аласынба тіркелсем??
Жауап беру
А
Айнур 28.12.2020
Сонда әйел адам роддомға кеткенше жумыста болама? Сол жағын тусыныкты етып жазсаңыздар.
Жауап беру
Г
Гулнур 28.12.2020
Рахмет билип журетин болдык
Жауап беру
Б
Байжунусова Жадыра Оразбековна. Семей қаласы. 16.07.2020
Мен екі ай сайын больницаға жатамын. Егерде босанып жатсам күйеуім менің орныма декіретке шыға алады ма?Мен 2топ мүгедекпін. Колит ауруымен ауырамын.
Жауап беру
Н
Назерке 15.07.2020
Казирги уақытта Декретте отырмын,мемлекеттик жұмыс жасаймын жұмысқа шықпай ип ашсам болама? Или мемлекеттік жумыскерлерге ип ашуға болмайма??
Жауап беру
Т
Тілек 14.07.2020
Еркек Бала күтіміне байланысты декретке шығып екі ацдан кейі жұмысқа шығып кетсе не болады?
Жауап беру
А
Акерке 28.12.2020
Жоғарыда жазылған егер жұмысқа шығып зейнетақы қорына салым түсетін болса бала күтіміне беріліп отырған көмек сол айдан бастап тоқтайды деп
Жауап беру
А
Акерке 28.12.2020
Жоғарыда жазылған егер жұмысқа шығып зейнетақы қорына салым түсетін болса бала күтіміне беріліп отырған көмек сол айдан бастап тоқтайды деп
Жауап беру
M
Moldir 14.07.2020
Kelinshekter kalai shugadu eken ol jok koi
Жауап беру
Е
Есен 14.07.2020
Айелдер туралы декрет не деп тур такырыбы таппадым
Жауап беру
Жаке 14.07.2020
Осыған дейін декретте о ырд
Жауап беру
Жаке 14.07.2020
Осыған дейін декретте о ырд
Жауап беру
Жаке 14.07.2020
Осыған дейін декретте о ырд
Жауап беру
Г
Галия 14.07.2020
Айел кисилерге декретке шыгу постын кайдан коремиз?
Жауап беру
14.07.2020
сколько мне надо в месяц делать отчисления чтобы декретный вышли миллион,
Жауап беру
А
Айгерим 30.07.2020
Жауабын аллынызба
Жауап беру
14.07.2020
сколько мне надо в месяц делать отчисления чтобы декретный вышли миллион,
Жауап беру
Ж
Жанибек 07.07.2020
Ассалаумағалейкум. Даулет бір сұрағым бар еді. 24 айдағы кірісті білу үшін пенционныйдағы түскен ақшаның 10%тімен білемізба? Сол ақшаны 10%ке көбейтіп қоса беремізба?
Жауап беру
Р
Рита 14.06.2020
3 жасқа дейін ақша төлемейді ғой,1жасқа дейіншықса болады ма ер адамға?кейін жұмысқа шықса
Жауап беру
Р
Рита 14.06.2020
3 жасқа дейін ақша төлемейді ғой,1жасқса дейіншықса болады ма ер
Жауап беру
Г
Гулзар 14.06.2020
Аяғым ауыр, екі ұлым бар 18 ге толмаған, біреуі мектепте 6 сынып, біреуі 2 де әлі садикте очерет жетпеді, жалғыз басты анамын, бірақ не полная семья немесе мать одиночка деген статусым жоқ, мемлекет тарапынан қандай көмек ала аламын?
Жауап беру
А
АСЕЛЬ 14.06.2020
КЕРЕМЕТ, ӨТЕ КЕРЕК АҚПАРАТ ҮШІН АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ
Жауап беру
П
Перизат 13.06.2020
Егер вахтамен жұмыс жасап айлық 340000 мың тг болса ол жағдайда декретке шығуға болама жолдасыма және қанша тг төленеді ай сайын и 3 жасқа дейін алама оны
Жауап беру
13.06.2020
Жеке касипкер болса ала алады ма? Ол кезде кандай кужаттар тапсырады?
Жауап беру
Б
Бекс 12.06.2020
Пенсионка жок болсашы? Бирак, мемлекеттик мекемеде истеп, айлык корсеткиши 150мын тенге болса?
Жауап беру
Э
Эльвира 12.06.2020
Салеметсизбе?Ер адам декреттик демалыска шыкса ол кисиге жумыс орнына тек кана справка кажетпе? Фирма ешнарсе толемейме? Тек государство гана толейма?озим декреттеги анамын ешкандай пенсионка жок.Ендиги декреттик демалысты жолдасыма оформить етуге болама?
Жауап беру
С
Салтанат 12.06.2020
Саламатсызба. Егер айели жумыс истемесе, ер Адам истесеп журсе ер адамга декретный туралауга болама?
Жауап беру
ж
жоламан 25.12.2023
жауап алдынызба
Жауап беру
Ж
Жанар 12.06.2020
Сонда Мыркымбай декретте отыру керек па уйде канша уакыт отыру керек минимум?
Жауап беру
Г
Гулжаухар 12.06.2020
Жалгыз басты анага мемлекеттен кардай комек бар?
Жауап беру
А
Айжан 12.06.2020
Ер адам декретке шығып, бірақ грантта оқып жатса болама? Степендия түсіп тұрса???
Жауап беру
У
Умит 12.06.2020
Өзім соңғы 5-6айға есп төлеп отырсам лекретный ала аламынба?болмаса куйеуімнің атына бір реттік жәрдемақыны тағайындауға болама?
Жауап беру
Д
Дина 12.06.2020
Мен жұмыс жасаймын пол жуамын ол жерде аптасына үш рет барамын .Нештатный работникпін ,бірақ пенсионный жүреді .Сұрақ сізге мен декретке август айында шығамын ,маған декретный төленеді ма?Жұмыс орнындағылар больничныйға печать қойып бередіма?
Жауап беру
Г
Гулзия 12.06.2020
Мырқымбайдың айлығы жақсы екен.жұмыс жасап жұмыссыз әйелден төмен аламыз до года пособиені
Жауап беру
Х
Ханафия 12.06.2020
Мен алдынгы айда собеске барып сураганымда куйеуи декреттик демалыска шыга алады бирак ещкандай акша ала алмацды деп еди??
Жауап беру
12.06.2020
Жумыс жасаймай миллион декрет алуы ушин канша толеу керек
Жауап беру
Л
Лола 12.06.2020
Менде да осы сұрақ. Мен алтинши балама жуктымын бес баладада декрет ке шықпағанмын жолдасым шықса болама сосын мен бир жерде жұмыс жасауым керекпа жолдасым декрет ке шығатын болса?
Жауап беру
А
Асем 12.06.2020
Декретте отырып, тагы декретке шыгу жайлы акпарат беринизши, отиниш!
Жауап беру
M
Madina 12.06.2020
Күйеуім әскери адам. Оның айлығы меніңкінен көп. Күйеуімнің айлыеымен шыға алам ба декретке? Оның жұмысына әсері бар ма?
Жауап беру
Н
Нұрбибі 12.06.2020
Ассаляму Алейкум мен жұмыс жасамаймын жолдасым жұмыста ол кісі декретке тапсыра алады ма декрет ақшасын алып қайтадан жұмысқа шыға алама? Қалай ойлайсыз бесіншісіне жүктімін ай күнім жақын. Декретныйды жолдасыма туыралап алуға болады ма
Жауап беру
12.06.2020
Ассаляму Алейкум мен жұмыс жасамаймын жолдасым жұмыста ол кісі декретке тапсыра алады ма декрет ақшасын алып қайтадан жұмысқа шыға алама? Қалай ойлайсыз бесіншісіне жүктімін ай күнім жақын. Декретныйды жолдасыма туыралап алуға болады ма
Жауап беру
Т
Токжан 11.06.2020
Даулет, пайдалы акпараттар ушин коп рахмет, Алла разы болсын!
Жауап беру
Д
Даметкен 11.06.2020
Оте пайдалы акпарат екен
Жауап беру
С
Сағынтай 11.06.2020
Еркек декретке шыққанша өлген артыққо.Еркекті ез қылды ау мына билік.Алла өзі қолдасын Елімізді.
Жауап беру
Е
Ернар 11.06.2020
Айелім жұмыс істемейді, мен жұмыс істеймін. Маған деретке шығуыма бола ма?
Жауап беру
Р
Разия 11.06.2020
Мысалға менің табысым 130мың ол қалай есептеледі сонда
Жауап беру
Л
Лариса 11.06.2020
Салеметсизбе,анасы улкен балага декреттік демалыста болса екінші балага әкесі шыга аладыма?
Жауап беру
D
Dinara 11.06.2020
Daulet mirza, biz Astana kalasinda turamiz, birak propiska Atyrau kalasinda. Eger joldasimnin atina dayindasak dekretniydi dokumentterdi sol jaktan otkizemz be?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл