Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Наурыз айында қандай өзгерістер болады
Жаңалықтар

Наурыз айында қандай өзгерістер болады

01.03.2021
1 мин
35
13144

Елімізде наурыз айында бірқатар өзгерістер болады. Қазақстандықтар бұл айда 19 күн жұмыс істесе, 12 күн демалады. Наурыз мейрамына орай, бес демалыс күні жоспарланған. Сонымен қатар, карантин талаптарына байланысты жаңа қаулы қабылданып, бірқатар өзгерістер енгізілді. Олай болса, осы айға жоспарланған шараларды назарларыңызға ұсынамыз.

  • Балалардың аралас оқыту форматына ауысуы

Бүгіннен бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін және халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту форматына ауысады.

Ал жоғары сынып оқушылары, яғни 9,11,12-сыныптарды  аралас оқытуға рұқсат етіледі. Сабақтардың 70%-і штаттық режимде болса, 30%-і қашықтан өткізіледі. Бір сыныптағы оқушылар саны 15 адамнан аспауы және санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беріледі.

  • Азаматтарды әскер қатарына шақыру

Елімізде бүгіннен бастап азаматтарды әскерге шақыру басталады. Әскер қатарына шақыру "1414" арқылы SMS хабарлама бойынша іске асады.

  • Екпе салудың екінші кезеңі басталады

Ақпан айында медицина қызметкерлеріне вакцина салынса, наурыз айында екпе мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне  салыну жоспарланған. Сонымен қатар, 65 жастан асқан қазақстандықтарға да екпе салу рұқсат етілген.

  • Әуе рейстер саны артса, пойыз билеттері қымбаттады

Наурыз айынан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарға пойыз билеттері 7%-ке қымбаттайды. Бұл бағытта қатынайтын 32 теміржол билеттерінің бағасын көтеру жоспарланған.

Ал әуе рейстерінде қосымша бағыттар ашылды. Олар елімізден Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға қатынайды.

Қазақстан Түркістаннан Ыстамбұлға халықаралық рейстер ашады. Қазақстандық әуе компаниялары ("Эйр Астана" және SCAT) бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды.

Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға мына бағыттар бойынша рейстер саны ұлғайтылады:

  • Алматы-Ташкент-Алматы: аптасына 4-тен 8 рейске дейін ("Эйр Астана" мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады);
  • Алматы-Бішкек-Алматы: аптасына 3-тен 5 рейске дейін ("Эйр Астана" 2 рейсі қосылады);
  • Алматы-Киев-Алматы: аптасына 1-ден 2 рейске дейін ("Эйр Астана"1 рейсі қосылады).

Сонымен қатар, наурыз айына жоспарланған шаралар ішінде жаңа тұрғын үй бағдарламалары қосылуы мүмкін. "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев қазіргі кезде жастарды қолдауға арналған «Елорда жастары» бағдарламасы наурыз айында басталатынын айтты. Бағдарлама талабы бойынша бастапқы жарна мөлшері 10%-ті құрайды. Азаматтар 13 млн теңгеге дейін баспана ала алады. Және де «Әйелдер ипотекасы» бағдарламасы да наурыз айына жоспарланған.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
35 Пікір
З
Зауре 04.03.2021
Мектепте лаборант тардың а жалақысы көтерілсе мұғалімдер мен теңестірілсе
Жауап беру
М
Мирамгул 03.03.2021
Айел ипотекасы толык емес отбасыларына арналса жаксы болареди. Женил турмен берилсе
Жауап беру
Ж
Жанар 02.03.2021
Айелдер ипотекасына калай кол жеткизуимизге болады.уйсиз отрмын
Жауап беру
М
Маша 02.03.2021
Хотя б 4 ши токсанда ашу керек еди, мектептерди, 20кунде бирдеме озгерип кететиндей
Жауап беру
Д
Дилбар 01.03.2021
Әйелдер ипотекасы деген қандай. Үйім жоқ алуыма болама алғашқы жарнамен
Жауап беру
А
Актоты 01.03.2021
Неге Кызылордада ондаи багдарлама жок неге кымбат ымга келмит талаптары
Жауап беру
Р
Рашид 01.03.2021
Оте дурыс
Жауап беру
Ж
Жазира 01.03.2021
Бакытты отбасы багдарламасы басталады ма наурызда ?
Жауап беру
С
Салтанат 01.03.2021
Городской прописка 3жыл болу миндеттима?
Жауап беру
01.03.2021
Иа
Жауап беру
К
Кубеева Айнур Ушкемпировна 01.03.2021
Бізде неге тек қана бәрі қымбаттайды, айлық елдерде көтеріп жатқан жоқ, сол қалпы, бірақ бәрі қымбаттауына.
Жауап беру
М
Мақпал 01.03.2021
Әйелдер ипотекасына кімдер қатысады тұрақты жұмысым бар мен қатыса аламба?
Жауап беру
А
АЙГУЛЬ 01.03.2021
Балабақша қызметкерлеріне уй берілмей ма? арендалық уй болса да, бермейма, қанша уақыт болды күтіп жүрміз
Жауап беру
А
Асем 01.03.2021
Женилдикпен уй ала аламыз ба?
Жауап беру
А
Асем 01.03.2021
"Айелдер ипотекасы"багдарламасы не туралы карастырылган.
Жауап беру
Б
Баглан 01.03.2021
Самолётер қай қаладан ұшады бұл бағыттарға?
Жауап беру
С
Салтанат 01.03.2021
Халыкаралык деген сонда кандай, жай мектеп ер окымайма?
Жауап беру
д
динара 01.03.2021
кореяда тезирек ашылсагой
Жауап беру
А
АлиЯ 01.03.2021
Алматылыктар мектепке барып окима екен кым быледы.
Жауап беру
Л
Ляйля 01.03.2021
Айелдер ипотекасы туралы билсек.
Жауап беру
Ж
Жанар 01.03.2021
Бақытты от басы бағдарламасы қашан басталады?
Жауап беру
А
Анара 01.03.2021
Зейнетақыдагы акшаны неге қолға бермейди, немесе неге черновой алынған уйге ремонтка пайдалануға бермейді осы маселени қарастыру керек кой
Жауап беру
К
Кулпаш 01.03.2021
Ай Казактанай не озгерип болмадын не котерилип болмадын.
Жауап беру
М
Маржан 01.03.2021
Жай ғана арманғой
Жауап беру
01.03.2021
Иә. Айта береді
Жауап беру
А
Айнаш 01.03.2021
Әйелдер ипотекасы жүзеге асырылса
Жауап беру
Е
Ерасыл 01.03.2021
Баспана Хит бағдарламасы бойынша % азайса брлар еді!!
Жауап беру
А
Айжан 01.03.2021
Неге техперсоналдардың айлығы аз соны қолға алып бірнәрсе істеңізші өтініш Рахмет
Жауап беру
Ж
Жансұлу 01.03.2021
Дәулеттің қолында емес ғой.
Жауап беру
А
Айжан 01.03.2021
Мю
Жауап беру
М
Мәншүк 01.03.2021
ТҮКІРГЕНІМ БАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ
Жауап беру
01.03.2021
Қолдаймын.жемқорлар өздеріне ыңғайлап алады. Мемлекеттік бақылау жоқ. Мемлекет тупой заң қабылдап үнемі толықтыру мен өңдеумен айналысуда басқа өзгеріс жоқ ... Мемлекетке сенден қалдық. Заңдары үнемі қарама қайшы ... ешқандай заң ақылдасып халыққа ЖӘЙЛІ керек заң қабылдайды. Депутаттар анау ғой қала ұйқысын ұйықтап отырады. Өзіндік ой пікірлері жоқ. Кімге сенесің... Үнемі құрғақ уәдемен тойдырып келеді. Ел сезбейді ешқандай өзгеріске. .
Жауап беру
А
Акмарал 01.03.2021
Бакытты отбасы багдарламасы кашан басталажы екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл