Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дина Таңсәрі, “НеМолчи” қорының жетекшісі, Черногорияда қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қамауға алынар алдында Дина Таңсәрі бейнеүндеу жазып үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) отыр және таңға дейін сонда болады. Ертең таңертең оның экстрадиция мәселесіне қатысты сот отырысы өтеді.
- Құқық қорғаушылар мен жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдерін бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша мәлімет қажет болса, төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады, – делінген жазбада.