Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2022 жылы Нұр-Сұлтанда көпфункционалды туристік кешеннің бірінші кезеңін ашу жоспарланған, деп хабарлайды Dauletten.kz primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, нысанның құрылысы «Астана – жаңа қала», яғни «Барыс Арена» мұз сарайының батысында жүргізілуде. Жобаның құны 1 трлн теңгеге бағаланған.
«Жоба инвесторы БАӘ-нің Ellington Properties Development LLC құрылыс компаниясы», - делінген хабарламада.
Атап айтсақ, 15 мың шаршы метрге аквапарк, ойын алаңдары, саябақтар, террасалар, коммерциялық үй-жайлар, қонақүйлер, әлеуметтік және тұрғын үй кешендері салынады.
Жобаның бірінші кезеңін 2022 жылдың соңында іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде, тұрақты жұмыспен 2 мың, уақытша жұмыспен 21,3 мың адам қамтылмақ.