Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ең проблемалы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмысы 9 жылдан кейін қайта жанданды
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ең проблемалы «Шығыс» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмысы 9 жылдан кейін қайта жанданды

24.05.2020
2 мин
0
1582

Құрылыс жұмыстары «Шығыс» тобының тұрғын үй кешенінің 2А, 2В, 3А, 3В нысандарында басталды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс барысымен танысып қайтты. Осы блоктардағы үлескерлердің саны мыңнан асады. Алданған баспана иелері өздерінің пәтерлерін 2011 жылдан бері күтуде, деп хабарлады әкімдіктің сайты.

Жиналыста «Шығыс» тұрғын үй кешенінің 1А және 1В блоктарының үлескерлері өз учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастауды сұрады.

«Шығыс» тұрғын үй кешені – ұзақ уақытқа созылған күрделі мәселенің бірі. 1а және 1С топтарының үлескерлері арасында бөліну бар. Сіздерге бір тұрғын үй құрылысы кооперативіне бірігу керек. Ымыраға келу керек. Алаяқтарға емес, тек мемлекетке сеніңіз. Бұл мәселені шешеміз. Ел басшылығы бізге үлескерлердің үйлерін аяқтауды тапсырды. Үкімет қолдау көрсетіп жатыр. Бұл бағытта әкімдік көптеген маңызды жұмыстар атқаруда», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жоғарыда аталған блоктар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Елорда Құрылыс» компаниясының қатысуымен аяқталады.

2019 жылы қаланың 10 ұзақ мерзімді құрылыс жобасы аяқталып, пайдалануға берілді, 2,5 мың үлескер жылдар бойы күткен пәтерлерін алды. 2020 жылы ұзақ мерзімді құрылыс жобалары екі есе көп – 20 тұрғын үй кешені. Бұл 8 мың үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл