Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Нұрғанат өлетіндей бала емес еді": марқұм Шерзаттың әкесі інісінің өлімі туралы айтты

09.12.2024
мин
1
1407
Сурет: бейнежазбадан алынған скрин

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Азаттық басылымына сілтеме жасап.

Нұрымовтың сөзінше, олар бес адам болып Ғайыпбаевты іздеуге шыққан. Алдымен Талғардағы зират аумағы алдынан марқұм мініп кеткен көлікті тапқан. "Есігі ашық болды, ішінде ұялы телефоны жатты" деді Қаржаубай Нұрымов. Оның сөзіне қарағанда, зират алдында жар бар, інісі сол жерден төмен түскенін жердегі ізден анықтаған.

– Біз түнде келгенде қар жауып тұрған, жардан түсіп, 500-700 метр жерде жол бойындағы қуысқа барып, талдың жиегіне отырып, өліп қалған. Мойнында сым тұрған. Құзырлы органдарға кеше бәрін түсіндірдім. Екі сағаттан артық жан-жақты іздедік. Мына жардың биіктігі – 7-8 метр, осыдан сырғып түскен. Бауырымның өлемін деген ниеті болған емес. Қандай шындықты айтып жатсақ да, бізді қаралап жатқан адамдар бар. Сол үшін артық ештеңе айтқым келмейді, – деді Қаржаубай Нұрымов.

Еске салайық, бүгін Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев денесі табылды. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті. 

Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, інісінің жанына жерлеуді сұраған.

- Нұрғанат өлетіндей бала емес еді. Інімнің өліміне қатысты әділ тергеу жүруі керек деп ойлаймын, – дейді Нұрымов. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
С
Сауле 09.12.2024
Биздин елде накты адилдик бар ма алде мемлекет иштене истей алмайтындай, коркатындай мыкты банда басшысынан оте алмай отыр ма,алде мемлекет ким олмей жатыр деп нем курай карап жур ма.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл