Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасы елді елең етті. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әшімов марқұм кетер алдында туыстарына хат жазғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция Шерзат Болаттың ағасының өмірден өтер алдында туысына жолдаған хабарламаларын көрсетті. Марқұм хабарламасында қоштасып, соңғы өтінішін айтқан. Ағасына өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.
- Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, – дейді Бағдат Әшімов.