Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болған жүзден астам отбасы он айдан бері пәтерлеріне кіре алмай отыр. Себебі, салынып бітуге жақын тұрғын үй пайдалануға берілмей тұрып-ақ апатты деп танылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тұрғындар әкім Мұрат Әйтеновтің алдына шығуын талап етіп, қала әкімдігіне келді. Алайда шенеуніктер бұл жағдайға қала әкімдігі емес, мердігер компания кінәлі деп сендіріп отыр.
Қазір әкімдік тұрғын үй кешенін салған компанияны сотқа беріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, әкімдік оларға басқа ғимараттан пәтер ұсынған. Бірақ «Шымситидегі» пәтерлер шағын, әрі әркімнің қалтасы көтере бермейді дейді олар.
"Бізде екі айға жуық жұмыс қалды. Егер мердігер жауапкершілікті арттырып, жұмысты тезірек орындаса, оны одан да ерте аяқтауға болады. Қуаныштысы, бүгінде жұмыстың 80 пайызы орындалды. Ол жерде үлкен жұмыс жоқ, – деп қосты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.
Алайда, ашынған халық апатты үйге көшпейтіндерін айтты. Олар тағы да жер сілкінгенде үйінді астында қаламыз ба деп қауіптеніп, үй салу барысында көптеген кемшіліктерге жол берілгенін айтады.
Бұл Шымкентте жаңа үйлерге қатысты бірінші жанжал емес. Өткен жылы сапасыз үй салған 24 кәсіпорынға айыппұл салынған болатын.
фото: gov.kz