Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады
Жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады

07.12.2024
1 мин
0
254

Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрап, өз әрекеттері үшін жауап беруге уәде етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Юн Сок Ельдің кеңсесі таратқан мәлімдемеде: “Адамдарды алаңдатқаныма қатты өкінемін. Шын жүректен кешірім сұраймын,” – деп жазылған. Бұл туралы “Ренхап” агенттігі хабарлады.

Президенттің айтуынша, ол мемлекеттік істерге жауапты болғандықтан мұндай қадамға баруға мәжбүр болған. Әскери жағдай енгізу туралы шешімінің салдарын мойындайтынын және мұндай әрекетті қайталамайтынын мәлімдеді.

7 желтоқсанда парламент президентке импичмент жариялау мәселесі бойынша дауыс береді. Заң жобасын оппозиция ұсынған. Оппозиция партиялары Юн Сок Ельдің бұл әрекетін мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс деп бағалады. Ал билеуші партия өкілдері президенттің отставкаға кетуі қажет деген пікірде.

Әскери режим енгізу туралы жарлық 3 желтоқсанда сағат 22:25-те жарияланған. Бұл режим саяси партиялар қызметін тоқтатып, наразылықтар мен ереуілдерге тыйым салуды және цензура енгізуді қарастырған. Президент өз мәлімдемесінде бұл шараны конституциялық құрылымды “коммунистік күштер” мен Солтүстік Кореядан төнген қауіптен қорғау үшін қабылдағанын айтты.

Алайда, әскер парламентке басып кірмек болған кезде депутаттар әскери жағдайды жою туралы шешімге дауыс беріп, оны күшін жойды. Нәтижесінде президент парламент шешімін мақұлдауға мәжбүр болды.

Оппозиция тек президентті емес, бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хенді, әскер штабының жетекшісі Пак Ан Суді және ішкі істер министрі Ли Сан Минді де бүлік ұйымдастырды деп айыптауды талап етті. 4 желтоқсанда кешке қорғаныс министрі Ким Ен Хен отставкаға кетті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл