Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Аталмыш ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осыған дейін Оңтүстік Корея шекарасын екі қазақстандық азаматтың заңсыз кескені туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұл оқиғадан кейін жерлестерімізді жаппай жұмыстан шығарып жатқаны айтылды. Алайда, бұл фейк ақпарат болып шықты.
Сондай-ақ, Айбек Смадияров өз мәлімдемесінде, бұзақылық жасаған екі қазақстандықтың тағдырына қатысты жергілікті полициядан хабар күтіп отырғанын жеткізді.
Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан, аталған елге заңсыз кіріп кеткен еді. Бірақ, көп ұзамай оның біреуі ұсталып, екіншісіне іздеу салынды.
Фото: nur.kz