Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқуға арналған мемлекеттік несие беру ережесі әзірленді
Жаңалықтар

Оқуға арналған мемлекеттік несие беру ережесі әзірленді

11.03.2021
1 мин
0
1810

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім беру несиесін тағайындау және орналастыру ережесін жаппай талқылау үшін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бұл ереже жоғары білім ақысын төлеуге арналған мемлекеттік несиені тағайындау және орналастыру тәртібін қарастыратын "Білім беру туралы" заңға сәйкес әзірленген. 

Ұсынылған ережелер бойынша мемлекеттік білім беру несиені Бірыңғай ұлттық тест нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде тағайындалады. Конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құрған республикалық комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына мына мекемелердің өкілдері енуі тиіс: 

  • білім беру саласындағы уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органның өкілдері; 
  • азаматтық қоғам институттарының өкілдері; 
  • үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері; 
  • "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері; 
  • Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері; 
  • Жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесінің өкілдері. 

Конкурс кезінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаты (білім алатын тілде), сондай-ақ екі бейінді пән бойынша балл есептеледі. Егер шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламасы үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаты (білім алатын тілде) бойынша балл, сондай-ақ екі шығармашылық емтихан нәтижесі есептеледі. 

Несие алуға арналған конкурсқа қатысу үшін жоғарғы немесе ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына еркін үлгіде өтініш жазып қалдыру керек. Өтінімдерді 5-10 тамыз аралығында қабылдайды. 

Мемлекеттік білім беру несиесін қазақстандықтарға теңге валютасында ұсынады. Қарыз алушы өзіне кепіл бола алатын азаматты көрсетуі тиіс. Алайда, жетім балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға несие кепілгерсіз беріледі. Қарызды он жылға дейінгі мерзімге алуға болады. 

Сенім артылған мекеме – агент арқылы мемлекеттік білім беруді кредиттеу жүргізіледі. Ол сенімді агентті білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурстық негізде анықтайды. 

Қарыз алушы мен сенімді өкіл арасында шарт жасалып, құжатта оқуға арналған несие көлемі, несиені беру және оны өтеу мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, тараптардың міндеті қарастырылады. 

Кәмелет жасына толмаған қарыз алушылар ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен кредиттік шарт жасасады. 

Егер студент денсаулық жағдайына байланысты оқудан шығып кетсе немесе мемлекеттік грантқа ие болса, ол өз оқуына жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс болады. Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда несие бойынша талаптардың күші жойылады. Егер қарыз алушы оқуды аяқтаған соң әскерге кетсе немесе оқуын одан әрі жалғастырмақ болса, онда несиені өтеу мерзімі уақытша тоқтатылады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл