| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқушылар үшін көктемгі демалыс 19 наурызда басталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еліміздегі мектептерде 10 аптаға созылған үшінші тоқсан аяқталуға жақындады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көктемгі каникул 19 наурызда басталып, 30 наурызға дейін жалғасады. Осылайша оқушылар 11 күн демалады.
Ал төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Оқу процесі аяқталғаннан кейін мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығады.
Биылғы оқу жылы 25 мамырда ресми түрде аяқталады.