Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі кезде мектептерді дәстүрлі білім алу жүйесіне ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.
Оның айтуынша, президенттің тапсырмасы аясында бүгінде салалық мемлекеттік органдар дәстүрлі білім алу жүйесін кезең-кезеңімен жеңілдету мәселесін қарастырып жатыр. Ол балалардың қашықтан білім алуы елдегі жағдайға байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, кей өңірлерде мектептер бір-біріне жақын орналасқан, яғни бір кезеңде өте көп оқушы сабаққа баратынын алға тартты.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенсек, 12 жастағы және одан үлкен балалар арасынды COVID-19 тез таралады. Елімізде ағымдағы жылдың 4 қазаны бойынша оқушылар арасында коронавирус 136 баладан анықталды. Олардың 51-і кезекші сыныптардың оқушылары болса, 85 бала қашықтан білім алып жүр", – деді премьер-министр.
Биыл республика бойынша 3,4 млн бала мектепке барды. 2 613 428 оқушы қашықтан білім алса, 252 343 бала штаттық режимде оқиды. Ал 546 776 оқушы кезекші сыныптарға барып жүр.
Тағы көру