Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушылардың демалысы қысқарады
Жаңалықтар

Оқушылардың демалысы қысқарады

12.12.2022
2 мин
4
2902

Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде тараған оқушылардың каникулы қысқарады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазіргі кезде қаралып жатқан жаңа нормативтік-құқықтық актіге сәйкес, Қазақстанда оқу жылы ресми түрде 20 тамызда басталады деп жазуда.

"Мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері өзгермейді. Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникулдар мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы 190 күнді құрайды (кібісе жылды қоспағанда). Талқыланып жатқан құжаттың жобасы қамқоршылық кеңестердің келісімімен халықаралық және пилоттық мектептерге оқу жылының жалпы мерзімдерін реттеуге құқық береді", - деп жазды ведомстводан.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, бұған дейін аталған мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдаған болатын. Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі.

"Яғни, каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. Мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген нормалар шеңберінде әрекет ететінін атап өткен жөн. Биылғы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады", – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
р
рашида 13.12.2022
қарсымын не деген бітпейтін өзгеріс мемлекеттің басқа жүйесін реттесе болмай ма
Жауап беру
Г
Гүлназ 13.12.2022
Бұрынғыша дұрыс онсызда ???? ашу қиын сабақтары күрделете бергенде пайда жоқ
Жауап беру
И
Индира 12.12.2022
Мен карсымын 3 ай демалсын 1кыркуйек сабак болганы дурыс
Жауап беру
А
Айжан 12.12.2022
Мен карсымын. 3 ай демалып калганы дурыс
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл