| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Оралда пара алу кезінде қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Онымен бірге екі адвокат та ұсталды.
- 1,5 миллион теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін берілген, - делінген материалда.
Жедел-тергеу шараларын ҰҚК орталық аппараты мен Батыс Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Сот сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда төраға лауазымына тағайындалған.