Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оразада қалай тамақтанған жөн?
Маман пікірі

Оразада қалай тамақтанған жөн?

28.03.2023
1 мин
3
3595

Оразада дұрыс тамақтанып, күнделікті ашықпай жүрудің құпиясын Dauletten.kz анықтады.

Ауызашарда құрма мен суды қолданыңыз

Исламда құрманың орны ерекше. Оны Құран аяттарында құрма пальмасының бірнеше рет аталып, он бес жерде құрманың Алла Тағала тарапынан адамзатқа берілген сый екендігі айтылады. Сондай-ақ дәрігерлер жүрек ауруларының емі ретінде құрманы көбірек пайдалануға кеңес береді. Ал суды тамақтанып болған соң ішкен жөн. Сәресіне дейін бірнеше стакан су ішуге тырысыңыз. Құрма мен суды ауыз ашқанда пайдаланудың және бір пайдасы: тағы тамақ жеуден бұрын адамға өзінің ағзасында қосымша тамаққа деген сұраныстың бар не жоғын анықтауыңа мүмкіндік туады.

Тамақты асықпай ішіңіз

Күнделікті тамақтанудан бас тартқан адам ішкі күйзеліске түседі. Сондықтан ауызашарды сорпа немесе ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамдармен бастаңыз. Асқазанға ауырлық қылатын тағамдармен аулақ болған жөн. Ашығу кезінде адамның жүйке жүйесі, асқазаны тітіркеніп, әлсіреп тұрасыз. Бұл уақытта бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Рамазан айында жүйесіз тамақтан адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазан ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Асығыс тамақтансаңыз асқазаныңыз ас қорыта алмай, оразадан кейін салмақ қоса бастайсыз.

Ащы тағамдардың орнына пайдалысын тұтыныңыз

 Оразада ас мәзіріңізді уақытша өзгертуге тура келеді. Мысалы, тұзды өнімдерден, тұздалған қияр, қызанақ, түрлі тұзды салаттар мен балықтан бас тартыңыз. Оның орнын жеміс-жидектермен, көбірек сумен толықтырыңыз. Ал шайды ұнататындар үшін жалбыз шайы мен көк шайды ішкен пайдалы. Одан өзге, сапалы протеин, кальций, фосфор, мырыш секілді минералдар мен В6, В12 секілді дәрумендерге бай сүт, айран, қатық, ірімшікті жиі қолданған жөн. Алла Елшісі (с.а.у.) таңғы аста құрма мен сүт ішуді өсиет еткен.

Уақытша тәттілер мен кофеден бас тартыңыз

Рамазан айында тәттілер мен кофені қолдану ағзаға зиян келтіреді. Тәтті бәліштер қан қысымын тез көтеріп қана қоймай, қарныңызды тез аштырады. Тәттілердің орнына құрма, кептірілген өрік, жаңғақ қолданғаныңыз. Ал таңын кофеден бастаумен үйренген жандар уақытша бұл әдетін қоя тұруы керек. Өйткен, одан ұйқы режимі бұзылып, кейбір витаминдерді (магний, мырыш, темір) қабылдаудың қиындауы, қан қысымының жоғарылауы, тіс эмалінің өзгеруі, асқазанда қыжылдың пайда болуына әкеледі.

Тамақтану тәртібін сақтаңыз

Әдетте біз күніне үш рет тамақтанамыз. Рамазан айында да осы әдіспен жүріңіз. Ауызашарда алғашқыда ыстық тағамдарды, кейін майсыз тағамдарды, ал сәресінде жеміс-жидектерді тұтыныңыз. Бұл денсаулыққа оң әсерін береді.

Сәресінде көп тамақтанбаңыз

Сәресі уақытында күндіз ашығудан қорқып көп тамақтанбаңыз. Ауызашар мен сәресінде орташа мөлшерде тамақтану Пайғамбарымыздың (c.a.y.) сүннет амалына жатады.

Фото: sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
D
Dr. louis 06.04.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60176359983 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
Г
Гүлзира 31.03.2023
Келісемін
Жауап беру
Д
Динара 29.03.2023
Өте дұрыс екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл