Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ басшысы Владимир Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сұқбат барысында тілші жұртшылық тұңғыш президенттің Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесуін талқыға салғанын айтты. Ол мемлекет басшысынан бес жыл бұрын биліктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев РФ басшысымен не себепті жүздескенін сұрады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды, - дейді Тоқаев.