Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Оскар» жеңімпаздары жарияланды
Жаңалықтар

«Оскар» жеңімпаздары жарияланды

13.03.2023
1 мин
0
853

 

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік, америкалық режиссер Дэн Кванның «Барлығы, барлық жерде және бірден» туындысы бірнеше марапатқа ие болды деп, хабарлады Dauletten.kz.

«Оскар» жеңімпаздарының тізімі төмендегідей:

Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса - Мишеь Йео («Барлығы, барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм – «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Барлығы, барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Барлығы, барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирланд тілінде қоштасу»болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ»фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм –«Батыс майданда өзгеріс жоқ»(Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Үздік деректі фильм – «Навальный»

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий – «Барлығы, барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс- «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж — «Барлығы, барлық жерде және бірден»

Үздік режиссер – «Барлығы, барлық жерде және бірден»фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл